Атырау, 13 тамыз 14:56
 дождьВ Атырау +32.6
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

​Қазақстандық шенеунік Дубайда алданған үлескерге айналды: 700 миллион теңге желге ұшты

88 рет қаралды

Бұрынғы Қаржы кірістері комитетінің жоғары лауазымды қызметкері Салтанат Матқұлова Дубайдағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу үшін 1,6 миллион доллардан астам (шамамен 746 миллион теңге) қаржы салғанымен, құрылыс аяқталмай, алданған үлескер болып шықты. 

Бұл туралы «Выход к морю» арнасы жазды.

Матқұлова World Islands жасанды архипелагында орналасуы тиіс Pangkor Laut Luxury Residence & Spa Village кешенінен екі пәтер алған. Алайда жоба 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін тоқтап, көп аралдар бос күйінде қалған.

Кешенді салушы City-D Investments Limited компаниясы Қазақстандағы City-A Development-тің еншілес ұйымы болған. Оның иесі Гүлнара Мұсабаева 2018 жылы қайтарылмаған несиелер ісі бойынша қамауға алынған, бірақ іс кейін мерзімнің өтуіне байланысты жабылған.

Матқұлова инвестицияны 2008–2014 жылдары жасаған. Ол кезде Астанадағы Есіл аудандық салық басқармасында қызмет атқарған. Кейін 2019 жылы КГД цифрландыру департаментінің басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Қазір ол мемлекеттік қызметтен кеткен және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Сот арқылы салған қаржысын қайтарып ала алды ма, әзірге белгісіз.

Бүгін, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.