Атырау, 13 тамыз 15:31
 дождьВ Атырау +34.2
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

​Қазақстанда 5 мыңға жуық адам ағза ауыстыруды күтіп жүр

88 рет қаралды
фото Canva
фото Canva

Қазақстанда трансплантация саны артып келе жатса да, кезекте тұрғандар әлі де көп. 

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, қазіргі таңда 4 739 адам ағза ауыстыруды күтуде, олардың ішінде 125 бала бар.

Қай ағзаға сұраныс жоғары

  • Бүйрек – 4 208 адам

  • Бауыр – 293 адам

  • Жүрек – 208 адам

  • Өкпе – 30 адам

Операциялар динамикасы

  • 2023 жылы – 236 операция

  • 2024 жылы – 260

  • 2025 жылы – 310

  • 2026 жылдың алғашқы жартысында – 150 операция (оның ішінде 30-ы қайтыс болған донорлардан алынған ағзалар)

Донорлық көрсеткіштері

Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім бергендер саны да өсіп келеді:

  • 2023 жылы – 49 адам

  • 2025 жылы – 186 адам

  • 2026 жылдың алғашқы жартысында – 108 адам

Кей жағдайларда бір донордың бірнеше ағзасы бірден бірнеше адамның өмірін сақтап қалған.

Заңдық тәртіп

«Потенциалды донор» мәртебесі жеткіліксіз: алдымен дәрігерлер консилиумы ми өлімін растайды, медициналық сәйкестік тексеріледі, содан кейін ғана адамның тірі кезінде берген келісімі немесе заңды рұқсаттары қаралады.

Қазақстандықтар өз шешімін алдын ала eGov порталы арқылы рәсімдей алады. Қазіргі таңда 172 283 азамат ресми түрде таңдау жасаған:

  • 16 109 адам – донор болуға келісім берген

  • 156 174 адам – ресми түрде бас тартқан.

Бүгін, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.