
Қырғызстан Бас прокуратурасы «75 хат» ісі бойынша шығарылған үкімге шағым түсіріп, айыпталушыларға қатаңырақ жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды 24.kg.
Бұл туралы Бішкек қалалық сотындағы отырыс алдында Камчыбек Ташиевтің мүддесін қорғаушы адвокат Икрамидин Айткулов мәлімдеді.
Надзорлық орган айыпталушыларды қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану бабымен ақтаған шешімге үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, заңда қарастырылған шеңберде нақты жаза тағайындауды талап етті. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 326-бабы бойынша алғашқы соттың шешімін тым жеңіл деп бағалап, оны да күшейтуді сұрады.
Айыпталушылардың адвокаттары өз клиенттерінің толық кінәсіз екенін дәлелдеп, қалалық соттан толық ақтау үкімін шығаруды талап етуде.
Бұған дейін прокурорлар «75 хат» ісінің фигуранттарына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Бұл іс Қырғызстанда қоғам назарын аударған резонансты істердің бірі болып отыр.
В Атырау +32.6