
Ақтөбенің мамандандырылған әкімшілік соты емші Бағдагүл Лепесованы продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сатжанға жала жапқаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 1 557 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алагөзова мен Сәтжанның арызы 15 мамырда e-Otinish порталы арқылы түскен. Келесі күні олардың өкілдері полицияға бейнежазба тапсырды. Сараптама жала фактісін растағаннан кейін іс сотқа жіберілді.
Лепесова кінәсін мойындамады. Ол даулы бейнежазбаны өз парақшасында жарияламағанын, басқа аккаунт иелерінің әрекетіне жауап бере алмайтынын айтты. Қорғаушысы бейнелер жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін деп болжап, сараптама қорытындысын заңсыз деп тануды сұрады.
Баян Алагөзова сот отырысына онлайн қатысып, жарияланымдарда өзін есірткіге тәуелділікке, мемлекеттік қаржы алуға және басқа да әрекеттерге айыптағанын жеткізді. Ол медиациядан бас тартып: «Маған оның кешірімі қажет емес, мен кешірмеймін. Бұл барлығына сабақ болуы тиіс», – деді.
Сот Лепесованы айыппұлды 30 күн ішінде төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, Астанада оған қатысты қорлау бабымен қылмыстық іс қаралуда.
Бұған дейін Динара Сәтжан да емшінің өзіне қатысты айтқан сөздерінен кейін полицияға жүгінгенін хабарлаған еді.
В Атырау +32.6