
10 тамызда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230-дан асты, деп хабарлайды АА.
Осыған байланысты президент Абелардо де ла Эсприелла арнайы жарлыққа қол қойып, елде үш күндік ұлттық аза жариялады.
Үкіметтің мәлімдемесінде қаза болғандардың туыстарына көңіл айтылып, бүкіл елдің қайғыға ортақтасатыны атап өтілді. Ұлттық аза күндері мемлекеттік мекемелерде және шетелдегі елшіліктерде Колумбия туы төмен түсіріледі.
Президент Эсприелла әлеуметтік желідегі жазбасында құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, Перейра қаласында жеті сағаттық іздеуден кейін тірі табылған 30 жастағы Даниэла Андреа Ларго Санчес оқиғасы құтқарушыларға үміт сыйлап отыр.
Бұл апат елді терең қайғыға батырды, ал үкімет зардап шеккендерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.
В Атырау +32.6