Атырау, 13 тамыз 12:47
 дождьВ Атырау +32.6
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

​Жеңілдік сертификаттары мен жаңа ережелер: Қазақстанда көліктерді утилизациялау қайта жандануда

47 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанда ескі көлік пен ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға тапсыру бағдарламасын қайта іске қосуға дайындық жүріп жатыр, деп жазады LS.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады: алдымен «Жасыл даму» ведомстволық бағынысты ұйымы қайта өңдеушілермен шарттар жасайды, содан кейін халықтан өтінімдер қабылдау басталады.

Официалды қабылдау пункттерінің тізімі және онлайн өтінім беру мүмкіндігі барлық процедуралар аяқталғаннан кейін оператордың сайтында пайда болады.

Мерзімі өткен көлікті немесе ауыл шаруашылығы техникасын тапсырғаны үшін көлік иелері Қазақстанда өндірілген жаңа экологиялық таза машиналарды сатып алуға жеңілдік сертификаттарын алады.

Жеңілдік сертификаттарын пайдалану шарттары:

  • Сертификат берілген сәттен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

  • Оны басқа адамдарға беруге болады, бірақ үш реттен артық емес.

  • Бір жаңа көлік сатып алғанда екі сертификатқа дейін, ал ауыл шаруашылығы техникасын сатып алғанда төрт сертификатқа дейін пайдалануға болады.

Ведомствода бір кәсіпорынның монополиясы енді болмайтынын атап өтті: бағдарламаға қара металды қайта өңдеумен айналысатын кез келген бизнес қатыса алады. Бұдан бөлек, «Жасыл даму» тіпті мамандандырылған зауыттары жоқ өңірлердің өзінде қосымша қабылдау пункттерін ашуды жоспарлап отыр.

Утилизациялық төлем мөлшері «Жасыл даму» сайтында автоматты түрде есептеледі, ал жобаның өзі утильалым қаражаты есебінен қаржыландырылады.

2016 жылдан 2022 жылдың басына дейін Қазақстанда утилизацияға 219 мыңға жуық техника қабылданды, оның 215 мыңнан астамын жеңіл және коммерциялық автомобильдер құрады.

Бүгін, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.