
Америкалық USS Abraham Lincoln авиатасымалдағышының бортында әскери қызметшілер арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің тізбегі орын алды, деп хабарлайды report.az.
Теңізшілердің ауыр эмоционалдық жағдайына ұзаққа созылған миссия мен үйге оралу мерзімінің беймәлім болуы себеп болған.
Кеме экипажы (шамамен 5 мың адам) сапарға қараша айының екінші жартысында шыққан болатын. Бастапқыда тапсырманы орындау стандартты алты айға созылып, мамыр айында аяқталады деп жоспарланған еді. Дегенмен авиатасымалдағыш теңіздегі міндеттерін сегіз айдан астам уақыт бойы орындап келеді.
Теңізшілердің туыстары журналистерге бортта адамдардың азып, күйзеліске түскенін айтып берді. Олардың сөзінше, зор жүктеме салдарынан шыдай алмаған бірнеше әскери қызметші борттан суға секіруге әрекеттенген.
АҚШ ӘСК қолбасшылығы бұндай мәселенің бар екенін растап, экипаждың психологиялық жағдайы бақылауда екенін және кемеде барлық қажетті медициналық көмек қарастырылғанын мәлімдеді.
Дегенмен америкалық әскери ведомство өз-өзіне қол жұмсамақ болған немесе өзіне зақым келтірген теңізшілердің нақты санын жариялаудан бас тартты.
В Атырау +32.6