Атырау, 13 тамыз 12:17
 дождьВ Атырау +32.6
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

Instagram-дағы жарнамаға алданып, Астананың 37 тұрғыны қажылықтан қағылып, миллиондаған теңгесінен айырылды

56 рет қаралды

Астанада қазақстандықтарды ондаған миллион теңгеге алдаған жалған қажылық ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты.

Қаланың екі тұрғыны Instagram желісінде Сауд Арабиясына — Мекке мен Мединадағы қасиетті орындарға қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған.

Тартымды ұсынысқа 37 адам қызығушылық танытқан. Алаяқтарға сенген азаматтар оларға жалпы сомасы 60 миллион теңге аударған. Алайда астаналықтар ешқандай турға жете алмады, ал қаскөйлер алған ақшаны өз қажеттеріне жұмсап жіберген.

Сот екі ұйымдастырушыны да кінәлі деп танып, әрқайсысын 4 жылға бас бостандығынан айырды.

«Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талаптары сотпен толық қанағаттандырылды», — деп толықтырды қадағалау органы.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Астана прокуратурасы қазақстандықтарды тағы да қырағы болуға, туроператорлардың лицензияларын тексеруге және әлеуметтік желілердегі күмәнді адамдарға ақша аудармауға шақырады.

Бүгін, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.