
Жыл басынан бері спортшыларымыз 700-ге жуық медаль жеңіп алған. Бұл туралы өңі әкімі Болат Ақшолақов Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Спорт күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада хабарлады.
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов өңір спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүргенін атап өтті. Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің алғысхаттары табысталды.
Қазір облыс бойынша 23 спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі Атырау қаласында, қалғаны ауылдық елді мекендерде бой көтеруде.
Бұдан бөлек, 12 мың көрерменге арналған EURO IV санатындағы стадионның, «Атырау Арена» көпфункционалды кешенінің және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салынып жатыр.
Облыс орталығында екі стадион, «Атырау» спорт кешені мен ескек есу базасы қайта жаңғыртылып жатыр. Мереке қарсаңында “Жұлдыз” шағынауданында спорт кешені ашылды. Сондай-ақ Жайық өзенінің жағалауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қасынан олимпиадалық резервтегі спортшыларды даярлауға арналған жаттығу орталығы салынып, пайдалануға берілді.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен және театрландырылған қойылымдармен жалғасты. Іс-шараға белгілі әнші, «Парасат» орденінің иегері Сәкен Майғазиев арнайы қонақ ретінде қатысып, өз өнерін ортаға салды.
В Атырау +21.2 







