
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі eGov жүйесінің бұзылғаны және 15 млн азаматтың жеке дерегі тарап кеткені туралы ақпаратты теріске шығарды.
Ведомство уәкілетті органдармен бірлесіп техникалық тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылу белгілері анықталған жоқ.
Сондай-ақ мамандар белгісіз тұлғалардың даркнетте сатуға шығарған файлдарына қол жеткізді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл файлдар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жүктелген мәліметтер емес, әртүрлі файлдар мен суреттер жиынтығы болып шықты.
Ведомствода сатушы мәлімдеген деректер жинағының көлемі мен мазмұны бір-біріне қайшы келетінін атап өтті. Бұдан бөлек, eGov жүйелерінде хабарландыру авторы ұсынғандай түрдегі паспорттардың скан-көшірмелер базасы сақталмайды. Цифрлық құжаттар мүлдем басқа технология бойынша қалыптастырылады және сақталады.
«eGov бұзылған жоқ. Оның жүйелерінен Қазақстанның 15 миллион азаматының деректері алынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп мәлімдеді министрліктегілер.
В Атырау +35.7