Атырау, 12 тамыз 19:27
 дождьВ Атырау +35.7
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

​Құтқарушылар жігіттерді 4 сағат бойы іздеді: енді олар айыппұл төлейді

87 рет қаралды

Астана су қоймасында SUP-бордпен түнде серуендеу қайғылы оқиғамен аяқтала жаздап, соңы күлкілі жағдайға ұласып, әкімшілік хаттама толтыруға тура келді. 

2001 және 2002 жылы туған екі жас жігітті күшті ағыс пен жел жағадан төрт километрдей алысқа әкеткен. Оларды іздеуге жедел түрде Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД құтқарушылары аттанды.

Іздеу-құтқару операциясы төрт сағатқа жуық уақытқа созылды. Түнгі сағат бір шамасында жоғалған жігіттер қамыс арасынан аман-есен табылды.

Кейін белгілі болғандай, осы уақыт бойы құтқарушылардың жігіттерді таба алмауына күтпеген себеп бар екен: ағыспен кетіп қалғаннан кейін олар жай ғана... ұйықтап қалған. Тіпті ұйқыларының қатты болғаны сонша, демалушылар су айдынын сүзіп жүрген құтқару қайықтарының дыбыстық және арнайы сигналдарын да естімеген.

«Ер адамдар жағаға аман-есен жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін екеуі де ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бүгін, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.