Атырау, 12 тамыз 19:08
 дождьВ Атырау +35.7
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

​Алматыда автобустың астына түсіп қалған адам қаза тапты: полиция тергеуді бастады

118 рет қаралды
 centralmedia24.kz парақшасынан алынған сурет
centralmedia24.kz парақшасынан алынған сурет

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Автобус дөңгелегінің астына түсіп қалған 30 жастағы бойжеткен оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Centralmedia24.

Қайғылы оқиға 12 тамызда күндіз Бостандық ауданы, Мұстафин көшесінің бойында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатқанда, бойжеткен жолды кесіп өтіп бара жатқан.

Алған жарақаттарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ақпарат.

«Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ департамент өкілдері апатқа ұшыраған автобустың жекеменшік автопаркке тиесілі екенін нақтылады.

Бүгін, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.