Атырау, 12 тамыз 19:09
 дождьВ Атырау +35.7
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

​Бойжеткенді лифтіде «ұрып-соққан»: пранк ұйымдастырушы жазаланды

130 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Қызылордада лифтіде бойжеткенге шабуыл жасағандай сыңай танытқан 20 жастағы жергілікті тұрғынға айыппұл салынды. Қасында болған адамдар бұл оқиғаның әдейі ұйымдастырылған қойылым екенін білмеген.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда жас жігіт өзінің таныс қызымен сөзге келіп, содан кейін оны дөрекі түрде жұлқылай бастайды. Лифтінің ішіндегі тағы бір жолаушы әйел бойжеткенді қорғап, ер адамды тоқтатуға тырысқан. Видеоның соңында қатысушылар мұның пранк болғанын айтқан.

Видеоны полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Құқық қорғаушылар ролик авторын тауып, оны полиция бөліміне жеткізді.

Сот жас жігітті әкімшілік жауапкершілікке тартты. БАҚ мәліметінше, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 86,5 мың теңге айыппұл салынды.

Полиция бұл қойылымға қатысушылардың әрекеті лифтіде болған басқа адамдарға қауіп төндіргенін баса айтты.

«Мұндай әзілдерге жол берілмейді. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналадағыларға құрметпен қарауға шақырамыз», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Бүгін, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.