Атырау, 12 тамыз 19:09
 дождьВ Атырау +35.7
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

«ҚазМұнайГаз»​ Хорватиямен бірлескен кәсіпорын құрды

97 рет қаралды

Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен хорватиялық Geoenergija Razvoj d.o.o (Хорватияның көмірсутектер жөніндегі агенттігінің еншілес ұйымы) бірлескен кәсіпорны — «Shygys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. 

Жаңа компания Ақтөбе облысындағы Шығыс жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарының операторы ретінде тіркелді.

Аталған жобаның минималды жұмыс бағдарламасы аясында 500 бойлық шақырым көлемінде 2D сейсмикалық барлау жүргізу және 3500 метр тереңдікте іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланып отыр.

Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен «Shygys Operating» серіктестігінің бас директоры болып Нұрлан Қонысов сайланды.

Ол мұнай-газ геологиясы саласында жоғары білімге және «ҚазМұнайГаз» жүйесінде көпжылдық жұмыс тәжірибесіне ие. Еңбек жолын «Oil Services Company» кәсіпорнында бұрғышының көмекшісі болып бастаған маман 2015-2023 жылдары ұлттық компанияның Геология және барлау департаментін басқарған. Сондай-ақ әр жылдары «ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру», «Karaton Operating Ltd», «Kalamkas — Khazar Operating» компанияларында және «Optimum жобалау институтында» қызмет еткен.

Бүгін, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.