Атырау, 12 тамыз 18:52
 дождьВ Атырау +35.7
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

Тұрғындардың шағымынан кейін Атыраудағы ТҮК жанындағы заңсыз құрылыс анықталды

Сурет
104 рет қаралды

Атырауда құрылыс салушы компанияны «Аягөз» тұрғын үй кешенінің жанында заңсыз тартылған жер үсті жылу желілерін бұзуға (демонтаж жасауға) міндеттеді. 

Тексеру аталған үй тұрғындарының шағымынан кейін жүргізілді.

Облыстық мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауы (МСҚБ/ГАСК) басқармасының хабарлауынша, диаметрі 200 миллиметрлік жылу желілері Абай көшесі, 26/1 мекенжайында орналасқан ТҮК жанында салынған.

Тексеру барысында «Асар Курылыс Групп» ЖШС-нің жұмыстарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүргізгені анықталды. Бұдан бөлек, компания жылу желілері мен ғимарат арасындағы нормативтік қашықтықты сақтамаған — бұл арақашықтық кемінде 20 метрді құрауы тиіс еді.

Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ компанияға заңсыз салынған желілерді бұзып, аумақты бастапқы қалпына келтіру туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді.

Нұсқаманың орындалуы Атырау облыстық МСҚБ басқармасының бақылауында.

Бүгін, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.