Атырау, 12 тамыз 16:55
 дождьВ Атырау +33.2
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

​Пәтерге қатысты алаяқтық: 51 адам жәбірленуші деп танылды

56 рет қаралды

Астанада жылжымайтын мүлік сатып алушылардың 3 млрд теңгеден астам қаражатын жымқыру ісі бойынша төрт адам сегіз және тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша 51 адам жәбірленуші деп танылды.

Сот анықтағандай, айыпталушылар Б., Е., Ч. және Д. пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайлар мен паркинг орындарын сату деген желеумен азаматтардан ақша жинап отырған. Қаражат жеке шоттарға аударылған немесе қолма-қол берілген. 51 жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 3 млрд теңгеден асты.

Бұдан бөлек, сот мәліметінше, айыпталушылар жалған сатып алу-сату шартын жасасып, өздеріне сеніп тапсырылған қаражатты талан-таражға салған. Клиенттерден түскен 3 млрд теңгеден астам ақша компания есепшотына түспеген, салдарынан ЖШС-ге де айтарлықтай шығын келтірілген.

Айыпталушыларға алаяқтықты ұйымдастыру және оған көмектесу, қызметтік бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде мүлікті талан-таражға салу, сондай-ақ ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатып алу және пайдалану баптары бойынша айып тағылды.

Сотталушылар кінәні мойындаған жоқ. Қорғау тарапы оларды ақтауды сураса, шығыны өтелмеген жәбірленушілер қатаң жаза қолдануды талап етті.

Сот айыпталушыларға сегіз және тоғыз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оларға он жыл бойы жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Үкім 12 тамызда жарияланды және ол әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.