
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жаңа туған балаларға тегі, аты және әкесінің аты беру тәртібіне қатысты азаматтардың шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды nur.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде туу туралы куәлікті онлайн қызмет арқылы рәсімдеуде қиындықтар туындағаны айтылған еді.
Заңдағы талаптар
Азаматтық кодекстің 15-бабына сәйкес, әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін есімі арқылы жүзеге асырады. Ол тегі мен аты, ал қажет болған жағдайда әкесінің аты арқылы жазылады.
«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, баланың тегі ата-анасының тегіне байланысты анықталады. Егер әке мен анасының тегі әртүрлі болса, балаға олардың біреуінің тегі беріледі.
Қазақ есімдерінің жазылуы
Қазақ ұлтына тән емес жалғаулар мен қосымшаларды (-ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -овна, -евич және т.б.) алып тастауға болады. Оның орнына әке атына -ұлы немесе -қызы жалғаулары қосылады. Мысалдар:
Айбекұлы Серік (әке аты тегі орнына жазылады, бөлек көрсетілмейді);
Ахмет Серік Айбекұлы;
Айбек Серік Айбекұлы немесе Айбек Серік (әкесінің аты қалау бойынша жазылады).
Министрлік ата-аналарға баланың аты-жөнін жазуда қазақ тілінің грамматикасын ескеруді ұсынды.
Қайда және қалай рәсімдеуге болады
Құжат рәсімдеу үшін азаматтар көбіне банк қосымшаларын қолданатынына қарамастан, ресми тіркеуші орган – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып қала береді.
Баланың туғанын тіркеу үшін өтініш беруге болады:
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
ХҚКО-ға жеке барып;
тікелей тіркеуші органға (АХАЖ).
В Атырау +33.2