
Анкара Колумбия үкіметінің Израильдің «егемендігін» мойындау туралы мәлімдемесіне қатаң қарсы шықты. Түркияның Сыртқы істер министрлігі бұл қадамды халықаралық құқықты, ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №497 қарарын өрескел бұзу деп атады, деп хабарлайды АА.
Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде: «Біз Сирияның ажырамас бөлігі болып табылатын Голан жоталарын заңсыз оккупациялауды заңдастыруға бағытталған Колумбияның мәлімдемесін қатаң айыптаймыз» делінген.
Анкара халықаралық қауымдастықты Израильдің Сирияның оңтүстігін, соның ішінде Голан жоталарын басып алуын тоқтатуға және елдің егемендігі мен тұрақтылығына қарсы бағытталған әрекеттерге тосқауыл қоюға шақырды.
Түркия Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға әрі елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Колумбия үкіметі 10 тамызда Израильдің Голан жоталарына «егемендігін» мойындағанын жариялаған еді.
В Атырау +33.2