Атырау, 12 тамыз 14:32
 дождьВ Атырау +30
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

Қашаған төңірегіндегі дау: сот орындаушылары NCOC компаниясынан миллиардтааған айыппұлды өндіріп алуға кірісті

122 рет қаралды

Қашаган мұнай кен орнына қатысты экологиялық даудың егжей-тегжейін Құқықтық орындау комитеті жариялады, деп хабарлайды lsm.kz.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік сот орындаушысы North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) филиалына мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлды өндіріп алу жөнінде атқарушылық іс қозғады. Бұл шешім Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторының қаулысына негізделген.

Атқарушылық іс аясында сот орындаушысы заңнамада көзделген барлық мәжбүрлеу шараларын қолдануды жоспарлап отыр.

Айыппұл көлемі қандай

Бұған дейін ҚР Әділет министрлігі Қазақстанның NCOC компаниясынан 2,3 триллион теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алуы мүмкін екенін мәлімдеген. Сондай-ақ кен орны операторының мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салынғаны хабарланған.

«ҚазМұнайГаздың» ультиматумға қатысты жауабы 

Сонымен қатар ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ExxonMobil Holdings Corp. тарапынан қойылған шарттарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді. Жарияланымдарда инвестор Қазақстанға 150 миллиард долларлық ескі дауды шешу үшін ультиматум қойғаны, ал оның орнына Қашағанды кеңейтуге 80 миллиард доллар инвестиция салуы мүмкін екені айтылған.

«ҚазМұнайГаз» ресми түрде бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін жариялады.

Бүгін, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.