
Атырау облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 23 мыңнан астам оқушыға бір реттік қаржылай көмек беру жоспарланды.
Әр балаға 50 851 теңгеден беріледі, деп хабарлады Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге қарастырылған. Басқарманың мәліметі бойынша, бүгінде 5 342 бала қаржылай көмекті алды.
Биыл көмек тағайындау процесі автоматтандырылды. Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен балалардың мәліметтері тиісті мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеріледі.
Осы өзгеріске байланысты жеті мыңға жуық балаға қаржылай көмек тағайындалмаған. Оларды қолдау мақсатында «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсету жоспарланып отыр. Өткен жылы акция арқылы 5 мың балаға қолдау көрсетілген. Биыл бұл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Нақты қандай көмек көрсетілетіні және оның сомасы 50 851 теңге бола ма, оны басқармадағылар анық айтқан жоқ.
Бұған дейін көп балалы аналар төлем қарастырылмаған деген жауап алғандарын айтқан болатын. Білім басқармасындағылар бұл жерде шешімді автоматтандырылған жүйе анықтайтынын түсіндірді. Алайда кейбір отбасыларға неге ондай теріс жауап келгенін анықтау мүмкін болмады.
Өткен жылы "Мектепке жол" акциясы арқылы 5 мың балаға қолдау көрсетілген.
Сонымен қатар өңірде педагог тапшылығын азайту бағытында облыс әкімінің білім гранты мен мемлекеттік гранттар беріліп келеді. Жаңа оқу жылында облыстың білім беру ұйымдарына 130 педагог пен 120 жас маманды жұмысқа қабылдау жоспарланған.
В Атырау +30