Атырау, 12 тамыз 10:59
 дождьВ Атырау +22.6
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

​Зеленский Ресейде күш жұмылдырудың жаңа толқыны жоспарланып отырғанын мәлімдеді

67 рет қаралды

Украина Президенті Владимир Зеленский украин барлауы Ресейде күш жұмылдырудың жаңа толқыны әзірленіп жатқанын растайтын ішкі құжаттарға қол жеткізгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тиісті мәліметтерді Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенко ұсынған, деп хабарлайды Би-би-си.

«Барлығы ресейлік ішкі құжаттармен расталып отыр: олар оны күзге, парламенттік сайлау симуляциясынан кейін бірден дайындап жатыр», — деді Украина көшбасшысы.

Мемлекеттік думаға сайлау дауыс беруі 18–20 қыркүйекке белгіленген. Бұған дейін украиналық ресми тұлғалар да, тәуелсіз сарапшылар да РФ-да мәжбүрлі әскерге шақырудың қайта жандануы мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Олардың бағалауынша, келісімшартшыларды тарту майдандағы өсіп жатқан шығындардың орнын жаба алмай отыр.

Зеленский, сондай-ақ, қыркүйектегі сайлаудан кейін Кремль жыл соңына дейін жүздеген мың адамды жеделдетілген түрде жұмылдыруды, ал келесі жылы осындай кампанияны қайталауды жоспарлап отырғанын алға тартты.

Кремль не дейді?

Ресей билігі жаңа жұмылдыру жариялау жоспарын ресми түрде растамайды. Мәскеуде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау қарқыны өткен жылғы деңгейде қалып отырғанын, бұл төлемдерге арналған бюджеттік шығыстар көлемімен жанама түрде расталатынын мәлімдейді. РФ Қорғаныс министрлігі шығындар туралы ресми мәліметтерді жарияламайды.

Еске салсақ, «ішінара» жұмылдырудың алғашқы толқыны Ресейде 2022 жылдың күзінде өтіп, ол кезде әскерге 300 мыңға жуық адам шақырылған еді. Бұл ретте жұмылдыру туралы жарлық осы уақытқа дейін өз күшінде қалды — ол әскери қызметшілерге қорғаныс ведомствосымен келісімшартты бұзуға тыйым салады. Соңғы екі жылда басты назар ірі біржолғы төлемдер мен қылмыстық жауапкершіліктен босату есебінен келісімшартшыларды тартуға аударылды.

Бүгін, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.