Атырау, 11 тамыз 19:55
 дождьВ Атырау +33.1
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

Иран тарапынан қауіп төнгендіктен Трамп бортты ауыстыруға мәжбүр болды

108 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше апта бұрын Анкарада өткен НАТО саммитінен кейін қауіпсіздік мақсатында ұшағын жасырын ауыстырып қайтқан, деп жазады Orda.kz. 

The Washington Post басылымының үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, Трамп бастапқыда әдеттегідей Air Force One бортына көтерілгенімен, көп ұзамай қайта түсіп, президенттік бортқа тіркелген кейтеринг контейнеріне жасырынған.

Кейін жүк көлігі мемлекет басшысы отырған контейнерді шағын C-32A ұшағына жеткізіп, президент АҚШ-қа дәл осы бортпен ұшып кеткен. Сол уақытта Air Force One ішінде болған БАҚ өкілдері мен үкіметтің кейбір қызметкерлері Трампты әлі де негізгі президенттік ұшақта отыр деп ойлаған.

Басылымның мәліметінше, мұндай құпия әрекетке Иран тарапынан президентке қастандық жасалуы мүмкін деген қауіп себеп болған. Бұл жағдайға қатысты Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стив Чунг Американың жаулары көп екенін алға тартып, мұндай қауіптерге қарсы тұру үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылатынын мәлімдеді.


Бүгін, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.