Атырау, 11 тамыз 19:29
 дождьВ Атырау +33.1
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

​Атырау облысында 155 мыңнан астам оқушы мектепке барады

90 рет қаралды

2026–2027 оқу жылында Атырау облысының мектептері 155,5 мың оқушыны қабылдайды, оның ішінде 15,2 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл облыста төрт жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

Қазір білім беру мекемелерінің 60%-ы жаңа оқу жылына толық дайын, ал қалған ұйымдардағы дайындық жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтау көзделген. 

Сондай-ақ 392 мектептің 388-і жылыту маусымына дайындалып, бейнебақылау камералары бірыңғай мониторинг жүйесіне қосылды. 

Бұдан бөлек, өңірге қажетті мамандарды даярлау үшін 180 студентке облыстық білім гранттары бөлінді. 

Басты мақсат – жаңа оқу жылын қауіпсіз әрі сапалы бастау және оқушыларға қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті билік өкілдері.

Бүгін, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.