
Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп танып, өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Башар Асад Сирияны 2000 жылдан бері басқарып келген еді. Ол әкесі Хафез Асадтан кейін баламасыз референдум нәтижесінде президент лауазымына отырған болатын. Алайда 2024 жылғы 8 желтоқсанға қараған түні қарулы оппозиция күштері Дамаскіге басып кіріп, оны тақтан тайдырды. Осыдан кейін Асад астанадан ұшақпен ұшып шығып, Ресейді паналады. Оған Мәскеу тарапынан саяси баспана берілгенін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков растаған еді.
Қазіргі уақытта Сирияда билік басына қарулы оппозиция келіп, өтпелі кезеңде елді Ахмед аш-Шараа басқарып отыр. Шығарылған өлім жазасы үкімі экс-президенттің елді басқарған жылдардағы іс-әрекеттері бойынша жүргізілген сот процесінің қорытындысы болды.
В Атырау +33.1