Атырау, 11 тамыз 18:14
 дождьВ Атырау +33.1
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

​Атырау МӨЗ-інен бензин экспорты «қағаз жүзінде» қалуы мүмкін

80 рет қаралды

Қазақстан 2026 жылдың тамыз айында бензин экспортының жоспарын 43%-ға арттырып, 43,9 мың тоннаға жеткізгенімен, Атырау мұнай өңдеу зауытынан нақты жеткізілімдер іске аспауы мүмкін.

Саладағы дереккөздердің мәліметінше, Атырау МӨЗ-іне 13,3 мың тонна АИ-92 бензинін экспорттауға квота бөлініп, отынды еркін сату құқығы «ҚазМұнайГаз» (7,1 мың тонна) мен KC Energy Group (6,1 мың тонна) компанияларына берілген. Бұдан бөлек, ресейлік нафтаны өңдейтін «Конденсат» МӨЗ-і тамызда 27,7 мың тонна АИ-92 және 3 мың тоннаға жуық АИ-95 экспорттау мүмкіндігін алды.

Алайда сарапшылар келісімшарттардың әлі жасалмауына және қыркүйек-қазан айларында Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары қарсаңында ішкі нарықта отын қорын жинақтау қажеттілігіне байланысты Атырау зауытынан тиеп-жөнелту тамызда жүзеге аспайды деп санайды. Өйткені шілде айында да Павлодар зауыты өзіне бөлінген 17,5 мың тонналық квотаны мүлде экспорттамаса, «Конденсат» МӨЗ-і Ресейге тек 9 мың тоннадай бензин жөнелткен еді.

Мамандар маусымдық жоғары сұраныс кезінде отынды сыртқа шығару ішкі нарықта тапшылық тудыруы мүмкін екенін де ескертеді. 7 тамыздағы жағдай бойынша елде 265 мың тонна АИ-92, 86 мың тонна АИ-95 және 327 мың тонна дизель отыны қоры бар. 

Жалпы, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан 92,1 мың тонна автомобиль бензинін экспорттаған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40%-ға аз.

Бүгін, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.