Атырау, 11 тамыз 18:13
 дождьВ Атырау +33.1
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

Пәтер қайтарылды: «Отбасы банк» басшысы қызметкерлердің заңбұзушылықтары туралы айтты

Бейнежазба
77 рет қаралды

Баспана кезегінде тұрған азаматтың санатын заңсыз өзгерткені анықталғаннан кейін «Отбасы банктің» екі қызметкері жұмыстан босатылды. Оларға қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, деп хабарлады банк төрайымы Ләззат Ибрагимова үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, оқиға 2025 жылдың сәуір–мамыр айларында болған. Тиімді әрі жеңілдетілген шарт негізінде пәтер алу үшін кезекте тұрған азамат мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар санатына ауыстырылған.

Л. Ибрагимова бұл схемаға өңірлік филиалдардың бірінің қызметкері мен орталық аппараттың бизнес-аналитигінің қатысы бар екенін мәлімдеді. Банктің бастамасымен олардың еңбек келісімшарты бұзылды.

«Қылмыстық істер қозғалды, қазіргі уақытта олар тергеуде. Әңгіме алаяқтық әрекеттер туралы болып отыр», — деп хабарлады банк басшысы. Алайда ол өңірлік филиалдың нақты қайсысы екенін атамады.

Бұл заңбұзушылық банк жаңа ақпараттық жүйеге көшкенге дейін орын алған. Оқиғадан кейін цифрлық жүйеде қызметкерлердің әрекеттерін, соның ішінде өзгерістерді кім және қай логинмен енгізгені туралы мәліметтерді тіркеу күшейтілді.

Ибрагимованың айтуынша, ешқандай шығын келтірілген жоқ. Пәтерді беру процесі несиелік шартқа қол қою кезеңінде тоқтатылып, баспана қайта бөлу үшін кері қайтарылды.

Бұған дейін 2025 жылы «Отбасы банкте» тұрғын үй кезегін заңсыз жылжытуға, клиенттердің мүддесін қолдауға және жалған құжаттар жасауға байланысты сыбайлас жемқорлық деректері анықталғаны хабарланған еді.


Бүгін, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.