Атырау, 11 тамыз 17:28
 дождьВ Атырау +31
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

KASE: Доллар арзандап, юань мен рубль қымбаттады

73 рет қаралды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 11 тамыз күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша шетел валюталарының бағамы белгілі болды. Күндізгі сессия қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 465,74 теңгені құрады, деп жазады zakon.kz.

Ал басқа шетелдік валюталар нығайды: Ресей рублінің бағамы 0,03 теңгеге көтеріліп, 5,67 теңгеге жетсе, Қытай юані 0,53 теңгеге өсіп, 69 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 465,49 – 467,52 теңге, еуро 535,28 – 540,31 теңге, ал рубль 5,40 – 5,53 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ұлттық банктің ресми бағамы доллар үшін 466,08 теңге, еуро үшін 538,56 теңге, рубль үшін 5,65 теңге деңгейінде белгіленді.

Валюта нарығындағы өзгерістер әлемдік мұнай бағасының өсуі фонында өтті. Таңғы сауда-саттықта Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,20 долларға қымбаттап, 87,91 долларды құраса, Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,23 долларға өсіп, 82,36 долларға жетті.

Бүгін, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.