
Павлодар облысының полиция департаменті Ақтоғай ауданында кәріз құдығын жөндеу кезінде алты жұмысшының қаза табуына қатысты үш күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады Orда.kz.
Қайғылы оқиға 20 шілдеде Жоламан ауылындағы жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде болған. Кәсіпорын аумағындағы кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жөндемек болған бірнеше адам ішке түсіп, қайта шыға алмаған. Шақырту орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері 16-дан 61 жасқа дейінгі (1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған) алты ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын анықтады. Қаза тапқандардың ең кішісі — 16 жастағы бозбала. Тағы бір 36 жастағы азамат көмірқышқыл газына уланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаменті Тергеу басқармасы бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қараздық оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары қолға алынған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу құпиялылығын сақтау мақсатында өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.
В Атырау +31