
Атырауда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты екі аптаға жуық уақытқа ыстық су толығымен тоқтатылады.
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС хабарлауынша, ыстық суды 2026 жылдың 17 тамызы мен 28 тамызы аралығына өшіру жоспарланған.
Бұл уақытта мамандар қаланың магистральды жылу желілерін толық тоқтатады. Шаралар инфрақұрылымды күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестесің аясында іске асырылады. Ыстық су барлық орталық жылу пункттерінен (ОЖП/ЦТП) тоқтатылады.
Коммуналдық қызмет өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және ыстық судың өшірілуіне алдын ала дайындалуды өтінеді.
В Атырау +31