AZATTYQ.ORG «Жаңаөзен жастары шындықты сұрады» - Жаңаөзенге қала жастарының шақыртуымен барып қайтқан ғалым Тұрсын Жұртбай екі жыл бұрынғы мұнайшыларға оқ атылған оқиғадан кейінгі өзгерістер жайлы айтты.
«Дубайдағы тұтқындауға «жиһадшылар видеосы» түрткі болды ма?» - БАӘ-де тұтқындалды деп хабарланған қазақстандықтардың туыстары олардың қамауда отырғанын растады. Ал СІМ «Дубайға жіберген ресми сұрауға әлі жауап келмегенін» айтады.
«Косово сайлауы этникалық жанжалға жан бітірді» - Косово президенті Атифете Яхьяга серб ұлтшылдарына елді саяси дағдарысқа ұрындыруы мүмкін екенін ескертті. Елдің сербтер тұратын аймағы сайлаудан соң тыншымай тұр.
«Ресей Сталин дәуіріне оралды ма?» - Сочи олимпиадасына бірнеше ай қалғанда Ресей президенті қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған жаңа заңға қол қойды. Путинді сынайтындар мұны сталиндік кезеңге оралудың белгісі санайды.
ZHASALASH.KZ «“Сирияға кеткен қазақтарды қайтарудың машақаты көп”» - Мақалада Солтүстiк Кавказдан шыққан 400 азаматтың Сирияда Башар Асад режимiне қарсы соғысып жүргенi, бұлардың Ресейге оралуы қауiп төндiретiнi жайлы жазылған.
«”Әйелiнiң есiгiнде жүрген” әкiмнiң арманы» - Айтпақшы, сұхбат барысында әкiм президенттiң саясатына лайық әдемi бiр сөздi әңгiмесiнiң арасына сыналап кiргiздi де жiбердi: “Алматыда баспанам жоқ. Әйелiмнiң үйiнде тұрамын”. Керемет емес пе?
«Қайыров кiм: қанқұйлы қылмыскер ме, әлде бақытсыз байғұс па?» - Iле Алатау ұлттық паркiнде он екi адамды өлтiруге қатысты деп айыпталған Саян Қайыровқа қатысты сот процесi жүрiп жатыр.
ABAI.KZ. «Бізде идеология бар. Ол - отаршыл орыс идеологиясы» - Қазақстан қазақтарының үш ауыз сөзінің екеуі орысша.
«Аялауға тиіс әйелдер қараусыз қазанға айналды» - Әншілердің құқығын қорғайтын арнайы одақ құрылады деп еді, ол да жабулы күйінде қалды. Қазір ақын да, жазушы да, барлығы өз қамын күйттеп жүр.
SERKE.ORG. «Ақпарат құралдарына Елбасының көңілі көншімей жатыр» - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік орган жұмыстарының кемшіліктерін БАҚ беттерінде толық жарияланбауына көңілі толмайтынын айтты.
«Ақпараттық жойқын шабуылдан соң Үкімет отставкаға кетеді» - Үкіметке көрсетіліп отырған ақпараттық шабуылдың негізгі мақсаты – оның отставкаға кетуін дайындау.