Атырау, 11 тамыз 13:28
 дождьВ Атырау +27.3
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

​Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар колонияға жіберілді

110 рет қаралды

Кассациялық сот билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетті деп сотталған Атырау облысының үш тұрғынының жазасын қатаңдатты. Оларға берілген бас бостандығын шектеу жазасы нақты бас бостандығынан айыру мерзіміне ауыстырылды.

Бұған дейін Қызылқоға аудандық соты Б. мен А-ға төрт жылдан бас бостандығын шектеу, ал Ж.-ға үш жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

Іс материалдары бойынша, Мақат ауданында мас күйде болған ер адамдар шақырту бойынша келген полицейлерге қарсылық көрсеткен. Олар тәртіп сақшыларын ұрып-соғып, сондай-ақ ағаш таяқ пен тас қолданған. Полицейлердің бірі орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.

Бас прокурордың орынбасары сот актілеріне протест енгізді. Кассациялық алқа алғашқы жазаны әділетсіз әрі жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп таныды.

Нәтижесінде Б. мен А-ға төрт жылдан бас бостандығынан айыру, ал Ж.-ға үш жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үшеуі де сот залында қамауға алынды.

Бүгін, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.