Атырау, 11 тамыз 13:28
 дождьВ Атырау +27.3
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

​Колумбияда 7,4 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды

61 рет қаралды

Оңтүстік Америкадағы Колумбия елінде магнитудасы 7,4 болатын қуатты жер сілкінісі тіркеліп, соңғы мәліметтер бойынша 111 адам қаза тапты, деп хабарлайды АА. 

Ел президенті Абелардо Де Ла Эсприелья табиғи апаттан жүздеген ғимараттың қирағанын және құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Колумбияның батысындағы Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласынан шығысқа қарай 5 шақырым жерде, 107 шақырым тереңдікте болған. Дүмпулер елдің ірі қалаларында — Богота, Медельин, Кали, Барранкилья, Манисалес және Перейрада қатты сезіліп, тұрғындар арасында үрей туғызды.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, ең ауыр соққы Манисалес пен Перейра қалаларына тиген. Ал Кали қаласында үш қабатты тұрғын үй толығымен ортасына түсіп, Матеканья халықаралық әуежайының шатыры зақымданған. Сонымен қатар инфрақұрылым, электр мен су желілері және емханалар істен шықты.

Президент Де Ла Эсприелла апат аймағында Біріккен басқару орталығын құрып, іздеу-құтқару жұмыстарын жеке өз бақылауына алды. Елдің құтқару қызметтері, армия мен полиция үйінділер астында қалғандарды іздестіруді жалғастырып жатыр. Қуатты жер сілкінісі көршілес Эквадор мен Панама елдерінде де сезілген.

Бүгін, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.