Атырау, 11 тамыз 12:16
 дождьВ Атырау +27.3
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

Жұмбақ донер: Ақтөбеде сотталған адамға ұялы телефон жеткізбек болған адам анықталды

73 рет қаралды
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығы мен кәсіби әрекеттерінің арқасында тыйым салынған заттарды алып кіруге жасалған екі әрекеттің жолы кесілді.

2026 жылғы 10 тамызда «Тосқауыл» режимдік-профилактикалық іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мекеменің режим және жедел бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп, тексеру шараларының кешенін жүргізді.

Тексеру барысында сағат 15:50 шамасында мекеме қызметкерлері «Строй-Проф» ЖШС жүргізушісі, С.Т. азаматының шалбарының қалтасынан 20 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын анықтап, тәркіледі. Оның ішінде номиналы 10 000 теңгелік екі банкнот болған.

Кейін, сағат 16:30 шамасында А.С. азаматы жеткізген сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлердің мұқияттылығының арқасында азық-түлік өнімдерінің арасында болған донердің ішінен сотталған адамға беруге арналған ұялы телефон анықталып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша А.С. азаматына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Бұл фактілер қызметтік міндеттерін орындау барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жоғары қырағылығы, мұқияттылығы мен кәсібилігінің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Мекеме басшылығы азаматтарды ҚАЖ мекемелеріне бару кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады және ескертеді: сотталған адамдарға тыйым салынған заттарды беруге жасалған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Бүгін, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.