Атырау, 27 қазан 17:44
 дождьВ Атырау +13.8
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

«Силленоның» бұрынғы басшысы «Самұрық-Қазынаның» тең басқарушы директоры болды

532 рет қаралды

Жандос Қайргелді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры болып тағайындалды.

Бұл туралы қордан хабарлады.

Тағайындауға дейін ол 2025 жылы келген «Самұрық-Қазынаның» Мұнай-газ активтері департаментін басқарған.

Бұған дейін Ж. Қайргелді үш жыл бойы полиэтилен өндіру зауыты құрылысы жобасының операторы – «Силлено» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Оның «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында басшылық лауазымдарда 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 2018 жылдан бастап Қазақстандағы мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыруға қатысып келеді.

Бұған дейін Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор қызметін Бақытжан Таубаев атқарған болатын. Ол «Самұрық-Қазынаның» Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

11 тамыз, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.