Атырау, 11 тамыз 11:16
 дождьВ Атырау +25.8
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65

​Атырауда теректерді түбінен бетондап тастады

73 рет қаралды

Облыс орталығының тұрғындары көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты өте оғаш әдісті байқады – теректердің айналасын жай ғана бетонмен құйып тастаған.

«Онсыз да суарылмайды, ал енді тіпті барлық ағаштарды құртпақшы ма?!» – деп ашуланды Абай көшесінің тұрғындары болған жайтты фотоға түсіріп алып.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі «АЖ» редакциясының сауалына жағдайды былайша түсіндірді: «Абай көшесін қайта жаңарту барысында ағаштардың айналасындағы жиектастар ауыстырылды. Оларды сенімді бекіту үшін ағаштардың айналасындағы учаске бетондалды».

Әкімдіктегілер жақын күндері барлығы дұрыс жөнделіп, қалпына келтіріледі деп сендірді.

Келесі жолы жиектастарды бетонмен «сенімді бекітпес» бұрын, жөндеушілер ол жерде ағаш өсіп тұрғанын байқайды деп үміттенуден басқа амал жоқ. Терек діңдерінің түбін бетонмен бекіткен дұрыс болмады: теректің тамырларына ауа мен ылғал жеткілікті деңгейде жетпей қалады, бұл өсімдіктердің әлсіреуіне және қурап қалуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұны түсіну үшін арнайы білімнің де қажеті жоқ. Кез-келген іздеу жүйесін қолданып, екі минут уақыт жұмсаса жеткілікті еді.

Лев ГУЗИКОВ 

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің telegram-арнасы

Бүгін, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.