
Алматының Наурызбай ауданында қайғылы оқиға орын алды. Жүнісов көшесіндегі Alma City тұрғын үй кешенінде 17 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Halyqstan.
Марқұмның анасының айтуынша, кәмелетке толмаған қызы тұрғын үй кешеніне құрбыларына қонаққа барған. Қызына телефон соққан әйел отырыста спирттік ішімдіктер ішіліп жатқанын біліп, оған урысқан.
Куәгерлердің айтуынша, осыдан кейін бойжеткен жігітіне хабарласып, өзін үйге алып кетуін өтінген. Жас жігіт тұрғын үй кешеніне келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермеген — бойжеткен терезеден құлап кеткен.
Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпарат беріп, кәмелетке толмаған қыздың қаза тапқанын растады.
«Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Басталған тергеу барысында құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауы тиіс.
В Атырау +38.1