Атырау, 10 тамыз 18:40
 дождьВ Атырау +38.1
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

​Татарстандағы МӨЗ-ге жасалған соққы қазақстандық кәсіпорын үшін қауіп төндірді

110 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Нижнекамскіге жасалған дрон шабуылы Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» АҚ зауытын шикізатпен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазақстандық кәсіпорын басқа шикізатпен қатар ресейлік ТАНЕКО МӨЗ-і өндіретін газ конденсатының дистиллятын да өңдейді.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы «Татнефть» құрылымына кіретін ТАНЕКО зауытының соққыға жығылғанын мәлімдеді. Украина тарапының нұсқасы бойынша, шабуылдан кейін кәсіпорын аумағында өрт шыққан. Бұзылу масштабы мен өндірісті қалпына келтірудің ықтимал мерзімдері әлі нақтыланған жоқ.

Татарстан билігінің соңғы мәліметінше, Нижнекамскінің өнеркәсіптік және азаматтық нысандарына жасалған жаппай шабуыл салдарынан 13 адам каза тапты (оның ішінде бір бойжеткен бар). Қаза тапқандар арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары да бар. Медициналық көмекке 75 адам жүгінген, олардың 21-і ауруханаға жатқызылды. Екі пациенттің жағдайы алаңдаушылық туғызғанымен, тұрақты деп бағалануда. Травмалардың негізгі себебі пилотсыз ұшу аппараттарының зақымдаушы элементтері болды, деп хабарлайды РБК Татарстан.

ТАНЕКО-ға жасалған соққы ресейлік шикізат жеткізіліміне тәуелді «Конденсат» зауытының жұмысына әсер етуі мүмкін. 2024 жылы «Татнефть» қазақстандық кәсіпорынға ай сайын 30 мың тоннаға дейін газ конденсаты мен мұнай дистиллятын жеткізуі тиіс екені хабарланған еді.

2026 жылдың шілдесінде салалық дереккөздер «Конденсат» МӨЗ-і процессинг шарттарында ресейлік шикізатты өңдеуді жалғастырып жатқанын да хабарлаған.

Дегенмен, қазіргі шабуылдан кейін жеткізілімдердегі іркілістер туралы «Конденсат» АҚ тарапынан ресми мәлімдемелер әлі түскен жоқ.

Бүгін, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.