Атырау, 1 қыркүйек 05:47
 дождьВ Атырау +14.6
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

​Экологтар полициямен бірлесіп Атырау көшелерін тексерді

Сурет
659 рет қаралды

Атырауда рұқсатсыз қоқыс үйінділері мен кәсіпкерлік нысандар және мекемелер аумақтарына рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Тексеру жұмыстарына Атырау облысы бойынша Экология департаменті, Атырау облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы және Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатысты. Рейд «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті. 

Рейд барысында Тайманов, Құрманғазы және Канцев көшелеріндегі нысандарда абаттандыру қағидаларының сақталуы тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.


10 тамыз, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.