Атырау, 10 тамыз 18:06
 дождьВ Атырау +38.1
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Қазақстан Әзербайжан арқылы 1,7 млн тоннаға дейін мұнай экспорттауды жоспарлап отыр

56 рет қаралды

Қазақстан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақсыз жұмысы фонында Әзербайжан арқылы өтетін бағыттарды мұнай экспортының қосымша арналары ретінде қарастыруда.

Сөз «Баку — Тбилиси — Жейхан» және «Баку — Супса» мұнай құбырлары, сондай-ақ Каспий арқылы транзиттеудің басқа да нұсқалары туралы болып отыр, деп хабарлайды 1news.az Қазақстан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» 2026 жылы «Баку — Тбилиси — Жейхан» мұнай құбыры арқылы жеткізілім көлемін өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға арттырып, 1,7 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан мұнайы Ақтау портынан танкерлермен Әзербайжанға жеткізіледі. Содан кейін шикізат «Баку — Тбилиси — Жейхан» құбырына айдалып, Жерорта теңізі жағалауындағы түріктің Жейхан портына дейін тасымалданады.

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Ақтаудан «Баку — Тбилиси — Жейхан» бағыты бойынша 704 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді.

Мұнай құбырының ұзындығы 1768 шақырымды құрайды, ал оның өткізу қабілеті жылына 50 млн тоннадан асады.

Десе де, қазақстандық мұнай экспортының негізгі бағыты бұрынғысынша КҚК жүйесі арқылы Новороссийск маңындағы терминалға өтуде.

Бүгін, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.