Атырау, 10 тамыз 17:34
 дождьВ Атырау +38.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Қазақстанда кинотеатрлар мен дистрибьюторлар үшін бірыңғай ереже енгізілуі мүмкін

52 рет қаралды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы кинотеатрлар мен дистрибьюторлардың жұмысын реттейтін бірыңғай ереже белгілеуді ұсынды. 

Ведомство жүргізген талдау отандық кинопрокат нарығының жоғары шоғырлануымен ерекшеленетінін, ал кейбір өңірлерде бұл қызметті тек бір немесе екі компания ғана ұсынып отырғанын айқындады.

2024 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 1 қаңтар аралығында 60-тан астам нарық қатысушысын қамтыған зерттеу нәтижесінде саладағы кинопрокат көлемі 76,2 миллиард теңгені құрағаны белгілі болды. Мұндағы басты көшбасшы позицияны Kinopark-Kinoplexx Theatres желісі иеленсе, екінші ірі ойыншы ретінде Chaplin Cinemas орныққан.

Агенттік саладағы негізгі түйткіл ретінде кинотеатрлар мен дистрибьюторлар арасындағы өзара іс-қимылды реттейтін бірыңғай ереженің жоқтығын атап өтті. Себебі фильмдерді көрсету құқығын беру шарттары кинотеатрлардың репертуарын қалыптастыруға және премьералардың көрерменге қолжетімді болуына тікелей әсер етеді.

Бұл мәселені шешу үшін Агенттік кинопрокат қызметін жүзеге асырудың арнайы ережелерін әзірлеуді, екі тарап арасындағы үлгілік шартты бекітуді және нарық мониторингін жетілдіруді ұсынып отыр. Аталған шаралар нарық қатысушыларының фильмдерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ынтымақтастық шарттарын ашық әрі айқын етуге бағытталған.

Бүгін, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.