Атырау, 10 тамыз 17:34
 дождьВ Атырау +38.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Атырауда бір күнде бес мас жүргізуші ұсталды

Бейнежазба
82 рет қаралды

Атырауда полиция қызметкерлері бір күннің ішінде көлікті мас күйінде басқарған бес жүргізушіні анықтады. Олардың екеуі бұған дейін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, 9 тамыз күні Сұлтан Бейбарыс көшесінде патрульдік полицейлер Chevrolet Cobalt және Hyundai Elantra автокөліктерін тоқтатқан. Тексеру барысында екі жүргізушінің де бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, жеңіл дәрежедегі мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды.

Тағы үш мас жүргізуші Т. Амандосов көшесінде және Береке мөлтек ауданында ұсталды. Олар Lada, Kia Soul және Chery Tiggo маркалы автокөліктерін басқарған.

Барлық дерек бойынша материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін мамандандырылған сотқа жіберілді.

Полиция департаменті көлікті мас күйінде басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін тағы да еске салады.


Бүгін, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.