
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот «D» ЖШС мен Ақтөбе облысының аудандық мемлекеттік органдары арасындағы мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына қатысты дауды қарап, бұған дейінгі сот шешімдерін заңды деп тапты.
Бұған дейін «D» ЖШС мемлекеттік сатып алу қағидаларында көзделген екі пайыздық шартты жеңілдіктің қолданылмағанына наразы болып, сотқа жүгінген еді. Іс материалдарын зерделеу барысында заңбұзушылыққа мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінен веб-порталға мәлімет беру кезінде орын алған техникалық қателік себеп болғаны анықталды. Соның кесірінен адал қатысушыға заңнамада көзделген жеңілдік тиісті түрде берілмеген.
Кассациялық сот мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі техникалық олқылықтар әкімшілік рәсімдерге адал қатысушылардың құқықтық жағдайын нашарлатпауы тиіс екенін баса айтты. Бағалау тәртібінің бұзылуы конкурс нәтижесіне тікелей әсер еткендіктен, қорытынды хаттаманы заңсыз деп тану және оның негізінде жасалған шарттың күшін жою туралы төменгі сатыдағы соттардың шешімдері өзгеріссіз қалдырылды.
Ал конкурста жеңімпаз деп танылған «М» ЖШС-нің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалды.
В Атырау +33.1