Атырау, 10 тамыз 16:59
 дождьВ Атырау +38.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Астанадағы ​"Болашақ ойындары 2026"-да кім жеңді?

106 рет қаралды

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аяқталды. 

Қазақстан құрамасы үшін турнирдің басты нәтижесі — Team KZ ұжымының фиджитал-шутерден жеңіп алған алтын медалі болды, ал қазақстандық Rune Eaters командасы Dota 2 бойынша төртінші орынға тұрақтады.

Жарысқа 50-ден астам елден 800-ден астам спортшы қатысты. Олар дәстүрлі спорт пен киберспортты тоғыстырған сегіз пән бойынша бақ сынасты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,65 миллион долларды құрады.

Жарыс нәтижелері мен жеңімпаздар:

  • Phygital Shooter CS2: Финалда қазақстандық Team KZ командасы Liga Pro Team ұжымын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Лазертаг бойынша физикалық кезеңде есе жібергенімен, отандық спортшылар Counter-Strike 2 ойынындағы шешуші Nuke картасында 13:9 есебімен басым түсті. Команда 50 мың доллар жүлдеге ие болды.

  • Dota 2: Турнир чемпионы атағын Yakut Brothers командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтқан PlayTime ұжымы еншіледі. Қазақстандық Rune Eaters үшінші орын үшін өткен кездесуде Team Resilience өкілдеріне есе жіберді (0:2). Төртінші орын алған команда 70 мың доллар сыйақы алды.

  • Фиджитал- футбол: NS Team жеңіске жетті. Quetzales-Armadillos командасына қарсы өткен финалдық ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында NS Team шеберлік танытты (4:3).

  • Mobile Legends: Bang Bang: Басты титулды ONIC командасын 3:1 есебімен жеңген Bigetron by Vitality ұжымы бағындырды.

  • PUBG: BATTLEGROUNDS: 15 матчтың қорытындысы бойынша 131 ұпай жинаған 17 Gaming бірінші орынды иеленді. Қазақстандық DIGA Esports турнирді 14-ші орында аяқтады.

  • Фиджитал-баскетбол: Wilders командасы LIGA PRO TEAM-ді 36:26 есебімен ұтып, чемпион атанды.

  • Фиджитал-жекпе-жек: Бірінші орынды Archangel Michael ұжымы еншіледі.

  • Би турнирі: Аргентиналық Франко Витали чемпион атанды. Бұл жеңіс оның карьерасындағы алғашқы ірі титул болды.

Бүгін, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.