Атырау, 10 тамыз 15:18
 дождьВ Атырау +38.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Атыраулық сотталған азамат Абайға арнап сурет салды

94 рет қаралды

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат Абай Құнанбаевтың портретін салды.

Бұл жұмыс қазақ ақыны әрі ағартушысының туғанына 181 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада көпшілікке ұсынылды.

Polisia.kz хабарлағандай, сурет авторы осылайша Абайдың тұлғасына және оның рухани мұрасына деген құрметін білдірген.

Сондай-ақ шараға қатысушыларға ақын өлеңдері мен «Қара сөздерінің» жастарға тәрбие берудегі маңызы туралы айтылды.

ҚАЖД мұндай шаралар сотталғандардың шығармашылық қабілетін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Бүгін, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.