Атырау, 10 тамыз 15:18
 дождьВ Атырау +38.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

«Атырау Жарық» электр энергиясының жаппай өшу себебін түсіндірді

123 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

9 тамыздан 10 тамызға қараған түні Атырауда ондаған тұрғын ықшамаудандары мен елді мекендерде жаппай жарық өшіп қалды. 

Бұған «Индер» қосалқы станциясына баратын желілердің шамадан тыс жүктелуі салдарынан апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы себеп болды.

«Атырау Жарық» ЖШС хабарлағандай, «KEGOC» АҚ теңгеріміндегі кернеуі 220 кВ «Индер» қосалқы станциясы бағытындағы Л-2540 және Л-2640 желілерінде электр энергиясының рұқсат етілген ағыны шектен асып кеткен.

Нәтижесінде автоматика Л-1Ц және Л-5Ц электр жеткізу желілерін өшіріп тастаған. Компания өкілдері іске қосылған жүйенің «Атырау Жарық» құзыретіне жатпайтынын нақтылай кетті.

Сондай-ақ Балықшы, Стройконтора, Сельстрой, СМП-136, Химпоселок, Торговая база, Жилгородок, сондай-ақ Сырым Датов, Чехов, Уәлиханов, Абай, Тельман, Гурьевская, Шолохов, Полынин, Әбдірахманов, Атамбаев, Молдағалиев, Смағұлов, Шарипов, Сәкен Мұқанов, Гайдар және Әуэзов көшелері жарықсыз қалды.

Томарлы, Көктем, Жұлдыз, Ақсай-2, Огородный, Первый участок, Ак Депо, Центральный, Елшібек, Мясокомбинат, Алмагүл, Толқын, Мирный, Маслопром және Құрсай елді мекендері де тоқтан ажыратылды. Махамбет Өтемісов, Азаттық және Сұлтан Бейбарыс көшелерінің аудандары жартылай жарықсыз қалды.

Хабарламада электр қуатының канша уақытқа өшкені және электрмен жабдықтаудың толық қашан қалпына келтірілетіні туралы ақпарат берілмеген.

Бүгін, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.