
Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандыру үшін АҚШ-қа бірқатар талап қойды. Тегеран бұғазды ашу үшін Вашингтоннан санкцияларды толық алып тастауды, әскери қысымды тоқтатуды және келтірілген шығынды өтеуді талап етіп отыр.
Бұған дейін америкалық шенеуніктер Иран мен Оман арасындағы келіссөздер нәтижесінде жақын арада Ормуз бұғазы ашылып, мұнай экспорты қайта жандануы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Алайда Тегеран өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды. Иранның саяси және әскери тарапы Оманмен жүргізіліп жатқан консультациялардың өзі бұғазды ашуға жеткіліксіз екенін, бұл мәселе бойынша шешім АҚШ-тың қойылған шарттарды орындауына қарай бөлек қабылданатынын мәлімдеді.
Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Хоссейн Мохеби де бұғазды ашудың арнайы тетіктері бар екенін растап, оның стратегиялық маңызына тоқталды. Сонымен бірге әскери құрылым АҚШ-тан Тегеранның талаптарын орындауды және Иран, Оман мен басқа елдер арасындағы келіссөздерге араласуды тоқтатуды талап етті.
Осы мәлімдемелер фонында Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Ормуз бұғазында өздеріне тиесілі мұнай танкеріне шабуыл жасалғанын хабарлап, бұл әрекетті айыптады.
В Атырау +34.1