
Ақмола облысының Атбасар қаласында сұмдық оқиға болды. Пәтерлердің бірінен ес-түссіз жатқан және ауыр пышақ жарақаттары бар 58 жастағы жергілікті тұрғын табылды. Зардап шеккен әйелді құтқару үшін полицейлерге кіреберіс есікті бұзуға тура келді, деп хабарлайды Криминальный Казахстан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, көршілер арасында жанжал шығып, бірі екіншісінің іш тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Осыдан кейін шабуылдаушы қансырап жатқан әйелді сыртынан құлыптап, қылмыс жасаған қаруын өзімен бірге алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Полиция департаментінде оқиға фактісін растады. Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел түрде анықтап, ұстады — ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
В Атырау +34.1