
Тойда музыкаға тыйым салу және ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызу туралы айтқан тілегінен кейін даудың ортасында қалған 66 жастағы Түркістан облысы тұрғынының қызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
Наргиза есімді бойжеткеннің айтуынша, оның әкесі ешқашан радикалды ағымды ұстанбаған. Ол салтанатты жиынның алдында әкесі желіден ислам тұрғысынан музыкаға рұқсат етілуі туралы бейнероликті көріп, Жетісайдағы тойда қонақтармен өз ойын бөліскісі келгенін түсіндірді. Бойжеткен әкесіне айналадағылардың теріс реакциясы болуы мүмкін екенін алдын ала ескерткенін де қоса кетті.
Сондай-ақ Наргиза мерекеде болуы спикердің жекелеген өткір сөздеріне себеп болған әнші Роза Әлқожадан жеке кешірім сұрады. Үндеу авторы әкесінің әншіні әдейі ренжіту немесе қорлау мақсаты болмағанына сендірді.
Мемлекет басшысына арнаған үндеуінде бойжеткен құқық қорғау органдары мен қоғамнан болған оқиғаны қысқа фрагменттің кесіндісі бойынша бағаламай, толық контексті ескере отырып бағалауды сұрады. Бұдан бөлек, ол бейнежазбаны тарататын және желіде қорлайтын пікірлер қалдыратын пайдаланушылардың әрекеттеріне де құқықтық баға беруге шақырды.
Еске сала кетейік, Жетісайдағы тойда 66 жастағы қонақтың даулы сөйлеген сөзі Қазақстанда үлкен резонанс тудырған еді. Кейін ІІМ ер адамның ұсталғанын және араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жағдайға байланысты ҚМДБ мен Президент Әкімшілігі де пікір білдіріп, Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін еске салды.
В Атырау +27.3