Атырау, 10 тамыз 12:22
 дождьВ Атырау +34.1
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

​Индер ауданында далалықта 40 гектар жер өртенді

Бейнежазба
103 рет қаралды

Дала өрті 9 тамыз күні сағат 17:32-де Индер ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты «Терек» учаскесінде басталды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт «Аленсоры», «Жыбырлақ», «Шойбас» және «Сорқабақ» қыстақтарына қарасты төрт шаруашылықтың жер аумағын қамтыған.  

Аталған аумақта егістік жерлер жоқ, төрт түлік мал бар. Негізінен қой мен мүйізді ірі қара, сондай-ақ аз мөлшерде жылқы мен түйе бағылады. Өрттің таралу бағытын ескере отырып, шаруашылықтардағы малды қауіпсіз жерге қайтару жұмыстары жүргізілді. 

Бастапқыда өрттің аумағы шамамен 20 гектар деп бағаланған еді. Кейіннен ол 40 гектарға дейін ұлғайды. 10 гектар жердегі құрғақ шөп өзіндігінен сөнген, ал қалған 30 гектарын өрт сөндірушілер мен көмекке тартылған күштер сөндірді.

Өртті сөндіруге №5 өртсөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, шаруа қожалықтарының өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жұмыстарға барлығы 49 адам мен техника, соның ішінде тракторлар мен автоцистерна тартылды.

Өрт 10 тамыз күнгі түнгі сағат түнгі бірге қарай толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Бүгін, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.