Атырау, 10 тамыз 12:22
 дождьВ Атырау +34.1
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

​Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

134 рет қаралды
Сурет: Instagram/bakhyt_esimova
Сурет: Instagram/bakhyt_esimova

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде жаңа кадрлық тағайындау орын алды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Есімова ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Білімі:

Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті (2006 жыл, «Болашақ» бағдарламасы бойынша).

Еңбек жолы:

«Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының менеджері, аппаратының басшысы (2006-2007);

«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының сарапшысы (2007-2008);

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы (2008-2010);

Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары (03.2010-03.2011);

Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (03.2011-28.06.2013);

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы (28.06.2013-2015);

«Астана (Нұр-Сұлтан) қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2015-09.2020);

Қостанай облысы әкімінің орынбасары (09.2020-05.2022);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (05.2022 бастап).

Бүгін, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.